20 Мамыр, 19:35 1559 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Білім министрі ҰБТ қалай өтетінін түсіндірді

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу қалай өткізілетіні туралы айтып берді. 

«Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде өтеді деп жоспарлануда, яғни маусымның соңы мен шілденің басында. Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы аптаның сейсебісінде өтетін аппарат кеңесінде ҰБТ-ға дайындық тақырыбын талқылаймыз. Әрине, бұл бағытта ҰБТ-ны өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударылады», – деді А.Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, арақашықтықты сақтау мақсатында ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады.

«Маска, респираторлар тағу міндетті болады. Сонымен қатар, аудиторияны желдету жұмыстары іске асырылады. Қазір осы мәселелермен айналысып жатырмыз. Биыл құжат тапсыру толықтай электронды тәртіпте өтті. 131 мың бала құжаттарын тапсырып үлгерді», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар