Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді. Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады. Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады. Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады. Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:
- «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;
 - «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;
 - «Үнжария» – радионың үздік журналисі;
 - «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;
 - «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал»;
 - «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;
 - «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
 - «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;
 - «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым;
 
Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөмірі арқылы Сеит Айшолпанға хабарласуға болады.