Ет комбинаттары коронавирустың жаңа ошағына айналды

Ет комбинаттары коронавирустың жаңа ошағына айналды

Ет комбинаттары коронавирустың жаңа ошағына айналды
ашық дереккөзі
Еуропада ет өндірісінің ірі кәсіпорындары коронавирус инфекциясының жаңа ошағына айналды, – деп жазды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап. Францияның солтүстігіндегі Кот-д’Армор департаментінде Kermene қасапханасынан коронавирус жұқтырған 69 жаңа оқиға анықталды. Зауыттың 800 қызметкері тестілеуден өтті. Луар департаментіндегі Tradival қасапханасының 54 жұмысшысы вирус жұқтырған. Жергілікті зауыт биліктің қауіпсіздік шараларын қолданғанына қарамастан, кәсіпорынның техникалық жағы ескіргенін мәлімдеді. Германияда Төменгі Саксония жерінде ет өңдеу комбинатының 92 қызметкері коронавирус жұқтырған. Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы зауытта 150-ден астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Аталған кәсіпорындардың көптеген қызметкері Румыния мен Болгариядан келген еңбек мигранттары. «Ар-намыс пен әділдік үшін» қайырымдылық қауымдастығынан Питер Коссен Ленгерх қаласындағы мигранттарға көмектеседі. «Адамдар кішкене пәтерлерде сығылысып тұрады. Нәрестелер мен мектеп жасындағы балалар бар, мұндай жағдайда не боларын елестету де қиын. Бұл пәтерлер көбінесе жұмыс берушінің меншігінде, сондықтан мигранттар келісімшарт аяқталғаннан кейін олар пәтерден шығарылады», – деді Питер Коссен. Германия билігі бақылауды күшейтуге уәде берді және мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арқылы қызметкерлерді жалдау үшін тыйым салынады немесе шектеу қойылады. Германияның Еңбек министрі Хубертус Хайль қазіргі ахуалды «ұйымдасқан жауапсыздық» деп атап, осы салада тәртіп орнатуға шақырды.