Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне конференция форматында өткен кезекті отырысына қатысты, – деп хабарлайды Ақорда. Онлайн саммитке Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты. «Алдағы бірнеше жылға арналған интеграцияның негізін қалайтын аталған құжаттың ерекше маңызды екенін ескере отырып, оны әлі де талқылап, бетпе-бет кездесу барысында қабылдаған жөн. Ерте ме, кеш пе, біз бір-бірімізбен кездесеміз», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент осы құжатқа қатысты бірқатар түсіндірме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте тауарлардың кедергісіз әрі шектеусіз тасымалын іс-жүзінде қамтамасыз ету, секторлар бойынша тараптармен келісілген бірыңғай қызмет көрсету нарығын кезең-кезеңімен құру, ортақ энергетикалық және қаржы нарығына дайындалу қажет деп санайды. Мемлекет басшысы Одаққа мүше елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы екенін атап өтіп, оның экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық қатынастарды қамтитынын жеткізді.