Төрт ай бойы іздеуде болған азамат көрші облыстан табылды

Төрт ай бойы іздеуде болған азамат көрші облыстан табылды

Төрт ай бойы іздеуде болған азамат көрші облыстан табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Көкшетауда із-түзсіз жоғалып, төрт ай бойы іздеуде болған 25 жастағы азамат табылғанын хабарлады.  Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар айында Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне облыс орталығының 69 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол үйіне жиі келіп халін біліп тұратын 25 жастағы немересінің хабарсыз кеткенін айтқан. «Әжесінің сөзінше, немересі қаңтар айында Степногорск қаласына жаңа жұмысқа орналасуға атанып, кейін қайтып оралмаған. Немересі әжесінің телефон қоңырауына жауап бермегендіктен полиция тарапынан жедел іздестіру шарасы қолға алынды. Нәтижесінде 25 жастағы жігіт Қостанай қаласынан табылды. Белгілі болғандай, ол көрші облыста жұмысқа орналасқан және карантиндік шектеулерге байланысты үйіне жете алмаған», – дейді ведомстводан. Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарға бір жаққа, белгісіз уақытқа кетерде жақындары мен туысқандарына ескерту керегін еске салады.