Аягөздегі төрт баланың өлімі: министрлік арнайы тексеру жүргізбек

19 мамыр, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Аягөздегі төрт баланың өлімі: министрлік арнайы тексеру жүргізбек ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 113 медициналық-әлеуметтік мекемеге жіті тексеру жүргізу жайлы бастама көтерді. Жоспардан тыс тексеруге Аягөздегі арнайы әлеуметтік көмек орталығында төрт тәрбиеленушінің көз жұмуы себеп болып отыр, – деп жазды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығында 4 баланың қайтыс болғандығы жайлы хабарланған. Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бірінші кезекте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтатын арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған орталықтарға тексеру жүргізілмек. Тексеру медициналық-әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қойылатын барлық талаптардың сақталуына және сол мекемелердегі балалардың тұрмыстық жағдайына байланысты болады. Бүгінде Қазақстанда мүгедек балаларға арналған 20 мемлекеттік оңалту орталығы жұмыс істейді, онда 1,8 мыңнан астам бала тұрып жатыр. Барлық 113 медициналық-әлеуметтік мекемеде кешенді тексеру жүргізілмек. оның ішінде: Жалпы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 24 мыңнан астам адам тұруда. Аталмыш мекемелер жергілікті атқарушы органдардың қарамағында.