«Nur Otan» көпбалалы ананың тұрғын үй алуына қаржылай көмек көрсетті

«Nur Otan» көпбалалы ананың тұрғын үй алуына қаржылай көмек көрсетті

«Nur Otan» көпбалалы ананың тұрғын үй алуына қаржылай көмек көрсетті
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалына Алматы қаласының тұрғыны Гүлзира Мұхаметжанова пәтер алу үшін бастапқы жарна төлеуге жағдайы келмейтінін айтып, қаржылай көмек көрсетуін сұраған болатын. Гүлзира – көпбалалы ана, қалада пәтер жалдап тұрады. Жалдамалы аядай ғана үйінде 10 адам тіршілік етеді. Бұл орайда партия қызметкерлері Алматы қалалық мәслихатының депутаты А.К.Чиликбаевтың атына хат жолдады, хатта осы аталған мәселенің шешілуіне жәрдемдесуін сұраған болатын. «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында Алматы қалалық мәслихатының депутаты А.К.Чиликбаев тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна есебінде 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті, бөлінген қаржы Гүлзира Мұхаметжанованың арнайы есепшотына аударылды.