«Nur Otan» партиясы медицина қызметкерлеріне қорғаныш киімдерін табыстады

«Nur Otan» партиясы медицина қызметкерлеріне қорғаныш киімдерін табыстады

«Nur Otan» партиясы медицина қызметкерлеріне қорғаныш киімдерін табыстады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Теміртау қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына жергілікті медицина қызметкерлері өтініш айтып, арнайы қорғаныш киімдері және инфрақызыл термометрлерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесуін сұраған болатын. «Nur Otan» партиясы Теміртау қалалық филиалының қызметкерлері бұл өтінішті қарап, оның шешімін табуға Ұлттық еріктілер желісін, NAZARBAYEV UNIVERSITY мен «Шаңырақ» еріктілер орталығын жұмылдырды. Осы аталған ұйымдардың ықпалымен «Пандемиямен күрес кезінде медициналық қызметкерлерге қолдау көрсету» қайырымдылық жобасының аясында «Nur Otan» партиясы Теміртау қалалық филиалы №4 қалалық емхананың қызметкерлеріне 10 инфрақызыл термометрі мен 200 арнайы қорғаныш киімдерін табыстады. Медицина қызметкерлері партиялықтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.