Еуразия ұлттық университеті енді спорт журналистерін дайындайды

19 мамыр, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Еуразия ұлттық университеті енді спорт журналистерін дайындайды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетіне Спорт журналистикасы білім бағдарламасының қабылданғаны жөнінде сүйінші хабар келдіБұл туралы белгілі спорт журналисі Дүрәлі Дүйсебай өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті. «Бұған дейін факультет кәсіби журналист дайындап келсе, бұдан былай кәсіби спорт журналистерін де дайындайтын болады. Бұл білім бағдарламасы бойынша болашақ спорт журналистері тек спорт журналистикасының қыр-сырын ғана оқып қоймайды, сонымен қатар денешынықтыру мен спорттың теориясы мен практикасын, спорт түрлерін, спортшылардың өсіп-даму, қалыптасуы туралы да осы сала бойынша белгілі мамандардан төрт жыл бойы дәріс алады. Спорт индустриясындағы маркетинг пен менеджментті, жалпы спорттағы PR саласын, спорттағы және спорт журналистикасындағы тұлғалардың тәлімдік тәжірибелерін де бойға сіңіріп өседі. Яғни төрт жыл бойы спортты да жан-жақты біліп, спорт журналистикасының жанрлары мен қызмет ету аяларын да толық зерттеп, зерделеп, оқып, кәсіби спорт журналисі болып шығады», – деп жазған журналист жазбасын төмендегі нұсқаулықпен толықтырды. Оқуға қабылдауға қойылатын арнайы талаптар: Түлектердің кәсіби бейіні: түлектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), баспасөз орталықтарында, баспасөз қызметтерінде, Мәдениет және спорт министрлігінде, аталған министрліктің тиісті аумақтық органдарында (өңірлік, облыстық, аудандық, ауылдық), Ұлттық олимпиада комитетінде, спорт мекемелерінде, спорт федерацияларында, спорт клубтарында, стадиондар мен спорт кешендерінде маман ретінде қызмет атқара алады. Болашақ кәсіби атаулары: Түлектердің кәсіби бейініне қосымша қызмет аясы: Мұндай мамандық әзірге Қазақстанда жоқ. Ресейдің өзінде екі-үш оқу орнында спорт журналистерін әзірлейді. Биылдан бастап Спорт журналистикасы мамандығына талапкерлер қабылдана бастайды. Нағыз кәсіби спорт журналисі болам деген талапкерлерге есік ашық.