Үкімет авиацияны бірнеше салықтан босатты

Үкімет авиацияны бірнеше салықтан босатты

Үкімет авиацияны бірнеше салықтан босатты
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде авиацияны қолдауға бағытталған шараларды жариялады. Министрдің айтуынша, азаматтық авиацияны қолдау үшін осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау мақсатында ұшақтарға қосалқы бөлшектерді импорттауда уақытша қосылған құн салығынан босатылады. «Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Одан басқа резидент еместер авиация саласындағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтерге қосылған құн салығын төлемейді», - деді ведомство басшысы. Айта кетейік, бұған дейін Руслан Дәленов Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қорын құрылатынын мәлімдеген.  Министрдің атап өтуінше, қор арқылы 3 пайыздан артық емес мөлшерлеме бойынша өңдеуші кәсіпорындарға несие беру жоспарланып отыр.