Жаңалықтар

Роман Скляр Түркістан облысындағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарымен танысты

ашық дереккөзі

Роман Скляр Түркістан облысындағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарымен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды. Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмысымен танысып, Төлеби ауданының ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында зардап шеккен елдімекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Роман Скляр зақымдалған үйлерді, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.