Жаңалықтар

25 мамырдан бастап банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмыс тәртібі өзгереді

ашық дереккөзі

25 мамырдан бастап банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмыс тәртібі өзгереді

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында банктер, ақша айырбастау пункттері, ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді.  ҚазАқпараттың хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің біріккен бұйрығында субъектілер тізімі бекітілген: - екінші деңгейлі банктер - жеке банк операцияларын жүргізетін ұйымдар - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - сақтандыру брокерлері - құнды қағаздар нарығында брокерлікпен айналысатын ұйымдар - микроқаржылық ұйымдар, несие серіктестіктері, - төлем ұйымдары. Бұйрыққа сәйкес аталған ұйымдар мен филиалдарында қызметкерлер саны 50 пайыздан аспауы керек. KASE, Құнды қағаздар орталық депозитарий, ақша айырбастау ұйымдары таңғы 09:00 бен 17:00 аралығында жұмыс істейді. Бұл шектеу шаралары 18-24 мамыр аралығында болады. 25 мамырдан бастап жұмыс уақыты, адам саны ұйым басшыларының шешімдеріне қарай ұйымдастырылатын болады. Одан бөлек субъектілердің басшылары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.