Вице-министр ел қоймаларында қанша бензин қоры барын айтты

Вице-министр ел қоймаларында қанша бензин қоры барын айтты

Вице-министр ел қоймаларында қанша бензин қоры барын айтты
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов еліміздегі қоймаларда қанша бензин бар екенін хабарлады.  «Мұнай өнімдерін пайдалану көлемінің төмендеуі аясында жанар-жағармай қалдықтарының артуын байқадық. Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша Аи-92 маркалы бензинінің қоры 379 мың тонна құрады. Бұл көлем шамамен 44 күнге жетеді», - деді вице-министр. Ә.Мағауовтың айтуынша, дизель отыны бойынша 356 мың тонна жиналған. Отынның бұл көлемі 34 күнге жеткілікті. Осы орайда ол жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданғанын еске салды.