Президент қазақстандықтарға коронавирус қаупі сейілмегенін ескертті
Президент қазақстандықтарға коронавирус қаупі сейілмегенін ескертті
Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.
«Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда», - деді Мемлекет басшысы.