Мақтааралдық 1 210 оқушы лагерьде демалады

Мақтааралдық 1 210 оқушы лагерьде демалады

Мақтааралдық 1 210 оқушы лагерьде демалады
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1 210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек. Атап айтқанда, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьде 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді. Бүгін мақтааралдық 250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты. Бұл өз кезегінде мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға үйрететін, жаңа достар табуға септігін тигізетін сапар болмақ. Оқушылармен қатар  балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 жетекші мұғалім мен медбикелер де аттанды.