Жаңалықтар

Карантин: Имамдар мешітке 3 жағдайда ғана келуге болатынын ескертті

ашық дереккөзі

Карантин: Имамдар мешітке 3 жағдайда ғана келуге болатынын ескертті

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 60-тан астам мешіт ашылды.  Мешітке келуші жамағат санитарлық талаптарды қатаң орындауы тиіс.  Құлшылық ету орындарына маска, қолғап киіп кіру міндеттелген. Бір адамға кіріп-шығуға 15-ақ минут берілген. Сондай-ақ, жеке намаз кезінде бір жерге топтасып жиналуға болмайды. Қол алысып амандасуға да рұқсат жоқ. Келушілер арасындағы арақашықтық бір жарым метр болуы шарт. "Келушілер құран оқытушылар болуы мүмкін. Немесе жекелей намаз оқуға келген кісілер болуы мүмкін. Сонымен қатар жанұя құрғысы келген, неке қиғызғысы келген кісілер болуы мүмкін. Аталған 3 тарапқа ғана мешітке келуге рұқсат беріліп отыр", - дейді облыстың бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай. Айта кетейік, бұған дейін Бас мүфтиі мешіттердің ашылуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасап, карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты уақытша шектеулер өз күшінде қалатынын ескерткен. Сондай-ақ, Діни басқарма көпшілікті Қадыр түнін үйде өткізуге шақырды.