COVID-19: Ұлыбритания вакцина сынақтарына 101 млн доллар бөлді

COVID-19: Ұлыбритания вакцина сынақтарына 101 млн доллар бөлді

COVID-19: Ұлыбритания вакцина сынақтарына 101 млн доллар бөлді
ашық дереккөзі
Ұлыбритания үкіметі коронавирусқа қарсы вакцина сынақтарын қосымша қаржыландыру үшін 101 миллион доллар бөлді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл ақша вакцинаны жаппай өндіруге көмегін тигізеді. Сынақтар сәтті өткен жағдайда қыркүйекте ұлыбританиялықтар үшін вакцинаның 30 миллион дозасы дайындалады. Оксфорд университетінің ғалымдары өткен айдың соңында СOVID-19-ға қарсы вакцинаны адамдарға егу сынағынан бастап кетті. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылғанын хабарлағанбыз. Екпе ел аумағында ауырған науқастардан бөлінген вирус штамының негізінде жасалды.