25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданады
18 мамыр, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданады
25 мамырдан бастап Алматыда аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысы жанданады.
«Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.