«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
Елорданың Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев қызметінен босатылып,  «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Әділбек Сәрсембаев Алматы ауданын 3,5 жыл бойы басқарды. «Күнделікті біз әріптестерімізбен ауданымызды жақсы жағынан көрсетуге тырыстық, халықпен кездестік, аудан аумағын жұмыс бабымен араладық, іс-шаралар өткіздік. Тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанымды мақтан тұтамын, біз тұрғындарды мазалаған мәселелерді білдік және тұрғындардың қажетсінуіне сүйене отырып шешім қабылдадық. Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, іс жүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым, бірақ олардың арасында шешілмеген біраз проблема қалды. Аппарат ұжымының жұмыс істейтініне және бұл мәселелерді шешетініне сенімдімін», - деп жазды Әділбек Сәрсембаев әлеуметтік желіде.