Дезинфекциялық құралдар коронавирустан қорғай алмайды – ДДСҰ

Коронавирусқа қарсы дезинфекциялық заттарды шашу немесе фумигация жасау шаралары тиімсіз. ДДСҰ осындай мәлімдеме жасап, мемлекеттерді вируспен күрестің басқа әдістерін қолдануға шақырды.

Ұйым мамандарының айтуынша, затты залалсыздандыру үшін арнайы құралдар мен шүберекті қолданған жөн. Оған дейін органикалық кірдің қалдықтарын щеткамен алып тастау керек дейді ақ халаттылар.

«Дезинфекциялық құралдар далада өз тиімділігін жоғалтады.  Себебі арнайы химикаттар сазбен араласқанда вирусқа қарсы әсері жойылады. Ал жабық бөлмеде ондай дезинфекция адам денсаулығына зиян. Ондай құралдарды адамдарға, мәселен, дәліздерде, кабинеттерде және тағы басқа бөлмелерде шашуға болмайды. Ондай шаралар психологиялық тұрғыдан да, физиологиялық жағынан да зиянды және науқас адамнан коронавирустың ауамен немесе тікелей қатынас арқылы таралуын тоқтата алмайды», – делінген ДДСҰ-ның ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4,7 миллионнан асты. Індеттен 315 мыңнан астам адам көз жұмды.

Ал Қазақстанда қатерлі вирус 6440 адамнан анықталды. Коронавирустан 34 отандасымыз қайтыс болды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button