Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылды

18 мамыр, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылды Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі сынақтан өте бастады, деп хабарлайды  Білім және ғылым министрлігі. Вакцина Қазақстан аумағында ауырған науқастардан бөлінген вирус штамының негізінде жасалды. Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылды.