Түркістандық полицейлер жалғызбасты аналарға көмек көрсетті

Түркістандық полицейлер жалғызбасты аналарға көмек көрсетті

Түркістандық полицейлер жалғызбасты аналарға көмек көрсетті
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері Отбасы күнінде қайырымдылық жасап, балалар мен бірнеше отбасын қуантты,  деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш АПБ бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев қарамағындағы қызметкерлерімен бірлесіп, қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр “Халықаралық отбасы күні” мерекесіне орай қайырымдылық жасап, игі іс атқарды. Отбасында өзі әке, өзі ана болып, перзенттерін асырап отырған жалғызбасты аналарға арнайы барып, хал-жағдайларын біліп, азық-түлікпен көмек көрсетті. Өз кезегінде, көмек алған Алы Сәрсенбаева тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, ризашылығын жасырмады. “Полицейлерге рахмет айтамын, қолдарынан келгенше жұмыстарынан уақыт бөліп, осындай әрекеттер жасап жатқанына. Жақсылықтары Алладан қайтсын”, – деді жалғызбасты ана. Аталмыш мерекелік шараның идеологиялық мазмұны – отбасы институтын нығайту, некенің ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету.  width= Мақтааралдық полицейлер де қайырымдылық шарасынан қалыс қалмады. Бұл жолы олар  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі ойыншықтар мен тәтті тағамдарды тарту етті. Сонымен қатар, аталмыш шараға Төлеби АПБ-нің қызметкерлері де үн қосты. Полицейлер 10 баласы бар, көпбалалы отбасына қолдау білдіріп, бірінші кезекте қажетті азық-түліктер жиынтығын тапсырды. Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де II-топтағы мүгедек жасөспірім қызды қарап үйде отырған анаға азық-түліктер табыстады.