Шымкентте бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды
Шымкентте бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы хабарлады.
COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың 58-і - вирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Тағы бір адам Атырау облысынан келген. Сондай-ақ, жедел респираторлы вирусты инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған науқастың да қауіпті індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада.
Айта кетейік, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 6440 адамға жетті.