АҚШ Ресейге 200 жасанды тыныс алу аппаратын жеткізеді
АҚШ Ресейге 200 жасанды тыныс алу аппаратын жеткізеді
АҚШ Ресейге 200 жасанды тыныс алу аппаратын жібереді.
Калифорнияда жасалатын елу аппарат сәрсенбі күні Мәскеуге жолданады. 26 мамырда тағы 150 аппарат Ресейге берілмек. Бұл туралы үкімет құжаттарына сілтеме жасап "Америка дауысы" хабарлады.
АҚШ үкіметі жасанды тыныс алу аппараттарының ақысы мен жеткізу құнын төлеген. Осы мақсатқа 4,7 миллион доллар бөлінген.
Қазір Ресей мен АҚШ арасында ешқандай коммерциялық рейс ұшпайтындықтан жабдықтар Ресейге әскери авиациямен жеткізіледі.
АҚШ әкімшілігінің хабарлауынша, бұл аппараттар Ресей тұрғындарына арналған және мұндай шешім Ресей әскерилерімен әріптестік орнатуды білдірмейді.
Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Ресейде 281 752 адам коронавирус жұқтырған. Індет жұқтырғандар саны жөнінен әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Құрама штаттарда бүгінде 1,5 миллионға жуық адамнан қатерлі вирус анықталды.