Жаңалықтар

Орталық Азия: Тәжікстан коронавирус құрбандарының саны жөнінен алға шықты

ашық дереккөзі

Орталық Азия: Тәжікстан коронавирус құрбандарының саны жөнінен алға шықты

Тәжікстан коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Ферғана» агенттігі. Елде COVID-19 індетіне 1500-ден аса адам шалдыққан. Науқастардың 39-ы көз жұмды. Тағы 4200-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауында. Ал 500-ге тарта адам індеттен емделіп шықты. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде 4 713 620 адам коронавирус жұқтырған. Індет құрбандарының саны 315 мыңнан асып жығылды. 1 486 757 тұрғынынан қатерлі вирус анықталған АҚШ  індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде көш бастап тұр. Елде 89 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6440-қа жетті. 3256 адам індеттен айықты. 34 адам көз жұмды.