Жаңалықтар

Елордада өртке оранған көліктен екі бала құтқарылды

17 мамыр күні елордадағы аулалардың бірінде автокөлік өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

«17 мамыр күні сағат 11:50-де Нұр-Сұлтанның Ы. Дүкенұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде ауладағы Nissan-Terrano жеңіл көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген», – деп хабарлады комитет.

Көлік салонында 2014 және 2015 жылы туған екі бала болған. Оларды кездейсоқ куәгер өрт сөндірушілер келгенше құтқарып үлгерді. Өрт сағат 12:02-де сөндірілді және ешкім зардап шеккен жоқ.

Алдын ала болжамға сәйкес, көліктің қозғалтқыш бөлігінде қысқа тұйықталу болған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖ департаментінің 12 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылған.

 

Back to top button