COVID-19: Швейцарияда соңғы тәулікте небары 15 науқас тіркелді

Швейцарияда соңғы тәулікте небары 15 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы елдің Қоғамдық денсаулық сақтау федералды кеңсесінен хабарлады. 

Елде бір тәулікте індетке шалдыққан 8 науқас көз жұмған. Осылайша Швейцарияда коронавирус құрбандарының саны 1603-ке жетіп отыр. Ал індет жұқтыру деректерінің жалпы саны 30 587 болды.

Эпидемия басталғалы елде COVID-19 індетін анықтайтын 342359 тест жасалған. Олардың 11 пайызы оң нәтиже көрсетті.  Індет жұқтырғандар саны жөнінен Во (5497 науқас), Женева (5189 науқас), Цюрих (3470 науқас) и Тичино (3250 қас) кантондары алда тұр.

27 сәуірден бастап Швейцарияда карантин тәртібін жеңілдетудің алғашқы кезеңі басталды. Шаштараздар, сән салондары, тіс емдеу орындары, гүл сататын дүкендердің жұмысы жанданды. Шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі 11 мамырдан басталды. Елде барлық дүкендер ашылды. Кейбір шектеулерді сақтай отырып мейрамханалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Егер елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталар болса, карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі 8 маусымда басталуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Францияда жағажай ашылып, серфингпен айналысуға рұқсат берілгенін хабарлағанбыз.

Ал Ресей шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларға ел аумағына оралып,  жұмысын жалғастыруға рұқсат етті.

Back to top button