Атырау облысында қатты желден бірнеше ғимаратқа зақым келді

Атырау облысында қатты желден бірнеше ғимаратқа зақым келді

Атырау облысында қатты желден бірнеше ғимаратқа зақым келді
ашық дереккөзі
Атырау облысында қатты желден қандай нысандардың бүлінгені анықталды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше түстен кейін қатты жел мен жауыннан Құрманғазы ауданындағы бірнеше нысан бүлінген. Соның бірі – аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектеп. Білім ордасы 1982 жылы бой көтерген. Оған 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Қатты желден мектептің ( аумағы 448 шаршы метр) шатыры ұшып кеткен. Сондай-ақ, Сафон ауылында орналасқан Ф.Энгельс атындағы орта мектептің де 150 шаршы метр шатыры бүлінгені анықталған. Бұл мектеп 2011 жылы пайдалануға берілген. «Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы шекарашылар заставасының жылу беру ғимараты мен қызметтік нысанының шатыры бүлінді. Қатты желден бүлінген жеке тұрғын үйлердің есебі шығарылып жатыр», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.