Шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларға Ресейге оралуға рұқсат етілді

Шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларға Ресейге оралуға рұқсат етілді

Шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларға Ресейге оралуға рұқсат етілді
ашық дереккөзі
Ресейдің министрлер кабинеті шетелдік спортшылар мен жаттықтырушыларға елге оралуға рұқсат берді. Бұл туралы РФ үкіметінің сайтында хабарланды. – Ресейлік спорт ұйымымен еңбек келісімшарты бар азаматтарға елге оралуға рұқсат, – делінген хабарламада. Шетелден келгендер дәрігерлер бақылауына алынады және екі апталық карантинде болады. Айта кетейік, Ресей коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында. Соңғы дерек бойынша, елде 282 мыңнан астам адамнан қатерлі вирус анықталған. 2631 науқас көз жұмды. Ал әлемде індет жұқтырғандар саны 1,46 миллионнан асты. Дерті асқынған 312 мыңнан астам қайтыс болды.