Қытайдың Израильдегі елшісі өлі күйінде табылды

Қытайдың Израильдегі елшісі өлі күйінде табылды

Қытайдың Израильдегі елшісі өлі күйінде табылды
ашық дереккөзі
Қытайдың Израильдегі елшісі Ду Вэй Герцлия қаласындағы резиденциясында өлі күйінде табылды. Бұл туралы Израильдің Сыртқы істер министрлігінің өкіліне сілтеме жасап The Jerusalem Post хабарлады. Қазіргі таңда полиция дипломат өлімінің себебін анықтауда. Марқұмның жасы 57-де болған. Ду Вэй Израильге ақпанда, коронавирус эпидемиясы таралмай тұрып бірнеше апта бұрын келген. Оған дейін ол Қытайдың Украинадағы елшісі болды. Марқұмның артында әйелі мен ұлы қалды.