Жаңалықтар

Францияда серфингпен шұғылдануға рұқсат берілді

ашық дереккөзі

Францияда серфингпен шұғылдануға рұқсат берілді

Францияның солтүстік жағажайы ашылды. Жергілікті тұрғындарға серфингпен шұғылдануға, балық аулауға рұқсат берілді. Алайда франциялықтарға әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды орындау қатаң ескертілді. Сондай-ақ, бірнеше сағат бойы жағажайда отырып күнге күюге болмайды. Бүгінде Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 142 мыңнан асты. Елде індеттен 27 625 адам көз жұмды. 61 мыңнан астам емделіп шықты. Ел тұрғындары арасында әлеуметтік зерттеу жүргізген Терапевт-дәрігерлер кәсіподағының болжамынша, Францияда 1,5 миллион адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға коронавирус белгілері байқалса үйде қалып, дәрігерлермен телефон немесе бейнебайланыс арқылы хабарласуға кеңес беруде. Ел билігі арнайы қаулы шығарып, дәрігерлердің бейнебайланыс арқылы кеңес беруін ақысыз еткен.  Сондықтан жеңіл және орташа түрде ауырғандар дәрігерлердің нұсқауымен үйде емделуде. Ауруханаға тыныс алуы қиындаған науқастар ғана жеткізіледі.