CTS ескерту жасады: Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы қайта тоқтауы мүмкін

CTS ескерту жасады: Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы қайта тоқтауы мүмкін

CTS ескерту жасады: Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы қайта тоқтауы мүмкін
ашық дереккөзі
Нұрсұлтандықтар санитарлық нормаларды сақтамаса, қалада қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.  «Қоғамдық көлік 12 мамырдан бастап қатынай бастады. Әзірге желіде - қалалық бағыттар ғана. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни маска тағады, қолғап киеді және антисептик қолданады. COVID-19 жұқтыру қаупі әлі сейілмегендіктен, жолаушыларды қоғамдық көлікте бетперде тағып жүруге шақырған едік. Өкінішке қарай, барлығы ережені бір адамдай сақтай бермейді», - деді CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова. Оның айтуынша, 27 наурыздан 16 сәуірге дейін №1 автопарктің бір қызметкері ауырған адаммен байланыста болғандықтан, карантинге жабылған. «Егер де жағдай тағы қайталанса, қоғамдық көлік түгелімен тоқтауы мүмкін. Сол себепті елорда тұрғындарын өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына бей-жай қарамай, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз», - деді Оксана Лоскутова.