Төлеби ауданында сел қиратқан 30-дан астам үй қайта салынады
Төлеби ауданында сел қиратқан 30-дан астам үй қайта салынады
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсер жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының әкімдері бекітілген.
Естеріңізге сала кетейік, нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласына, оның ішінде 76 үйге су кірген болатын.