Жаңалықтар

Түркістандық диқандар Белоруссияға 500 тонна қырыққабат экспорттайды

ашық дереккөзі

Түркістандық диқандар Белоруссияға 500 тонна қырыққабат экспорттайды

Түркістан облысында дайын өнімдерді экспортқа шығаруға қатысты кедергілер мен тосқауылдар алынып тасталды. Диқандар 500 тонна қырыққабатты Белоруссияға сату бойынша келісім жасап, алғашқы 200 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шықты, деп хабарлады Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі. Жүк көліктеріне тиелген қырыққабат араға 5 күн салып Беллруссияға жетеді деп жоспарланған. Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық өнімді саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді. Түркістандық шаруалардың бірі Амантай Сарыбаев көкөніс тиейтін техника мен жұмысшыларға төленетін жалақыны есептегенде әр гектарға кететін шығын 1 миллион теңгені құрайтынын айтады. "Алқаптағы қырыққабатты тазалап, жүк көлігіне қалайтын жұмысшылардың күндік ақысы 3-7 мың теңге аралығында. Шетелге шығатын жүк көліктерінің шығыны 1 600 АҚШ долларына жеткен. Сондықтан диқандар өткен жылға қарағанда түсетін кіріс те азырақ деп отыр. Дегенмен, осының өзіне шүкіршілік етуде", – дейді Сарыбаев.Бүгінде ауылшаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері шекарадан еш кедергісіз өтуде. Блокбекеттерде жүргізушілердің тек дене қызуы тексеріледі. Жалпы биылғы жылы Түркістан облысыннан 300 мың тонна қырыққабат өндіру жоспарланған болса, оның 250 мың тоннасы экспортталады. Ал қалған 50 мың тоннасы ішкі нарықта саудаланады.