Eurovision-2021 қай қалада өтетіні белгілі болды

Eurovision-2021 қай қалада өтетіні белгілі болды

Eurovision-2021 қай қалада өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі

Eurovision Song Contest халықаралық  байқауының ұйымдастырушылары 2021 жылы ән додасы қайда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости

"Еуропалық хабар тарату одағы және Нидерландыдағы байқауды ұйымдастырушылар 2021 жылы Eurovision байқауын Роттердамда өткізу туралы шешім қабылдағандарын қуана хабарлайды",– делінген хабарламада. Еске сала кетейік, Eurovision ұйымдастырушылары бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы байқауды тоқтатуға шешім қабылдаған. Көршілес Ресей елінен Eurovision байқауында Little Big тобы Uno әнімен қатысуы керек болатын. Ережеге сәйкес, биылғы әндерді келесі жылы байқауға ұсынуға болмайды. Әр елдің әртістерін таңдау хабар таратушылардың мойынында. Толыққанды сайыс өткізудің орнына ұйымдастырушылар әртүрлі елдердің әртістерімен бірге музыкалық шоу өткізуді ұйғарған.