Жаңалықтар

COVID-19: Испанияда 113 жастағы кейуана індетті жеңді

ашық дереккөзі

COVID-19: Испанияда 113 жастағы кейуана індетті жеңді

Испанияның Каталония өңірінде 113 жастағы кейуана COVID-19 індетінен айықты.  Мария Браньяс ауруды жеңіл өткерген. Кейуана АҚШ-та дүниеге келіп, кейін отбасымен Испанияға қоныс аударған. Соңғы жиырма жылдан бері Қарттар үйінде тұрып келеді. Ал бұл мекемеде коронавирустан 17 адам қайтыс болды. Испания коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекеттердің бірі. Елде қатерлі вирусты 231 мыңнан астам адам жұқтырған. Науқастардың 27,5 мыңы көз жұмды.  Айта кетейік, Түркияның 107 жастағы тұрғыны Хавахан Карадениз де коронавирустан емделіп шықты.   Осыдан бір ғасыр бұрын испан тұмауын жеңген 106 жастағы испаниялық кейуана да COVID-19 инфекциясынан құлан-таза айықты.