Қазақстан азаматтарына Түркия емханаларында емделуге рұқсат берілді

Қазақстан азаматтарына Түркия емханаларында емделуге рұқсат берілді

Қазақстан азаматтарына Түркия емханаларында емделуге рұқсат берілді
ашық дереккөзі
20 мамырдан бастап Түркия емханалары 31 елдің азаматтарына қызмет көрсете бастайды. Карантин режимін жеңілдеткен ел үкіметі осындай шешім  қабылдады, деп хабарлайды Анадолы. Түркияның медициналық мекемелерінде емделу мүмкіндігіне ие болғандар арасында Қазақстан азаматтары да бар. Сондай-ақ, Ирак, Ливия, Әзербайжан, Грекия, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түркіменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды тұрғындарына түрік емханаларына келуге рұқсат берілді. Десе де, шетелдік пациенттерге медициналық қызметтердің барлық түрі көрсетілмейді.  Тек Түркия үкіметі бекіткен салалар бойынша ғана жүгінуге болады:   ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, органдар және сүйек майы трансплантациясы. Тағы бір айта кетерлігі, Түркияда емделгісі келетін шетелдіктер туралы ақпарат алдымен Халықаралық медициналық бақылау жүйесінде орналастырылады және оның расталғандығын алғаннан соң түрік медициналық мекемелерінде емделуге рұқсат берілмек. Еске сала кетейік,  бұған дейін Түркиядағы демалыс орындары шетелдік туристерді қашан қабылдайтынын хабарлағанбыз.