Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған әлеуметтік баспана бой көтереді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік баспана құрылысымен танысты. Олардың бірқатары – құрылысы аяқсыз қалған үйлер, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мыңнан астам пәтер мұғалім, дәрігер сынды бюджеттік сала жұмысшыларына беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл құрылыс көлемі ұлғайтылды. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 8 мыңнан астам пәтер салынбақ.

«Азаматтарды қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің бірі – әлеуметтік баспана. Жеңілдікпен берілетін пәтерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Өткен жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеміз. Қыста балық қажетті құжаттармен айналысып, құрылыс маусымында іске кірісуді көздедік. Жеке қабылдауымда тұрғындар жалдамалы пәтерді 5 жылдан кейін босату мәселесіне де алаңдаушылық білдірді. Арендалық баспана – кезекте тұрған адамдардың 5 жылдан кейін босатуын білдірмейді. Тек 5 жыл сайын келісімшартты ұзартып отыру қажет. Тек жұмыс істейтін жастардың арендалық баспанасы 5 жылда қайтарылуы тиіс. Себебі олар 5 жылда аяққа тұрып, өзге баспаналық бағдарламаларға қатысады», – деді А. Көлгінов.

Әзірге биыл Нұр-Сұлтанда 500 мың шаршы метрден астам әлеуметтік баспана пайдалануға берілді. Бұлар кезекте тұрғандарға (халықтың аз қамтылған бөлігіне) және Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған.

 

Back to top button