Ақтауда бес жасар баланың ішінен кілт шықты
16 мамыр, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Ақтауда бес жасар баланың ішінен кілт шықты
Ақтауда 2015 жылы туған баланың ішінен үйдің кілті алынды, – деп жазды ҚазАқпарат.
Облыстық балалар ауруханасының хирургы Орынбай Жалбайұлының және «SOFIE MEDGROUP» клиникасының эндоскопист дәрігерінің бірлесе отырып жасаған жұмысының арқасында 5 жасар балаға ота жасалып, оның ішінен кілт алынған.
Ата-анасының айтуынша, кілт баланың ішінде 10 күндей болған. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.