25 мамырдан бастап сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары ашылады

25 мамырдан бастап сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары ашылады

25 мамырдан бастап сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары ашылады
ашық дереккөзі
Алматыда сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары 25 мамырдан бастап кезең-кезеңімен ашылатын болады. «25 мамырдан бастап Алматы қаласында қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру нысандарын, сауда орталықтары, сауда орталығы кешендерін кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Аталған нысандарды іске қосу алгоритмі бойынша ақпарат қосымша ұсынылатын болады», – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан. Бұған дейін 18 мамырдан бастап туроператорлар, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және қаржы секторының басқа да ұйымдарының қызметінен шектеулер алынып тасталатынын жазған едік.