Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек желтоқсанда өтуі мүмкін

Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек желтоқсанда өтуі мүмкін

Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек желтоқсанда өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) жекпе-жегінің болашағына қатысты болжам жасады, – деп жазды Sports.kz. Хирннің ойынша, Головкин тамызда IBF титулына міндетті үміткер поляк Камил Шереметпен (21-0, 5 КО), ал «Канело» өз кезегінде қыркүйекте суперорта салмақтағы британдық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) кездесуі керек. Егер Головкин де, «Канело» да жеңіске жетсе, олардың трилогиясы желтоқсанда өтуі тиіс.