Бала асырап алу кезінде берілетін ақшалай төлемді алу жеңілдетілді

16 мамыр, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бала асырап алу кезінде берілетін ақшалай төлемді алу жеңілдетілді Электронды үкімет порталы арқылы бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындауға өтініш беру жеңілдеді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов: «Біз бұл процесті барынша жеңілдетуге тырыстық және енді төлемді алу үшін тек негізгі мәліметтерді енгізу қажет. Тағайындалған төлем сомасы көрсетілген жауап немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түседі. Бұл қызметте бала туралы ұсынылған деректерді, банк шоты туралы деректерді тексеру сыртқы ақпараттық жүйелерден жүргізіледі. Бұл – бұрын болмаған жаңашылдық. Аталған жаңартулар қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартты», – деп түсіндірді. Бұл қызметті алу үшін: Қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ облыстар мен облыстық маңызы бар қалаларда көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.