Жаңалықтар

Коронавирусқа қай қан тобындағылар жиі шалдығатыны анықталды

ашық дереккөзі

Коронавирусқа қай қан тобындағылар жиі шалдығатыны анықталды

Коронавирусқа әдетте қаны екінші топқа жататындар жиі шалдығады. Бұл туралы Ресейдің  Федералды медициналық-биологиялық агенттігінің басшысы Вероника Скворцова мәлімдеді, деп хабарлайды Life.ru. – Індет жұқтырғандардың көпшілігінің қан тобы – екінші. Осы топтағылар басымдыққа ие. Екінші орында – бірінші және үшінші қан тобындағылар. Төртінші топтағылар сирек кездеседі, – деді Вероника Скворцова баспасөз мәслихатында. Маманның айтуынша, антиденелері бар плазмамен емдеу барысында пациент пен донордың қан тобы бірдей болуы шарт. Айта кетейік, соңғы тәулікте Ресейде 10 598 адамнан коронавирус анықталды. Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 262 843-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін 58 226 науқас емделіп шыққан. Естеріңізде болса, бұған дейін Ресейде коронавирусты екінші мәрте жұқтыру дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай коронавирусты анықтайтын тест-жүйелердің әлсіздігінен болуы мүмкін.