IV «Абай оқулары» басталды

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасын бастады.

Эстафетаның мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету және Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтау.

Әдеби эстафетаның шарттары төмендегідей:

  1. Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.
  2. Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу.
  3. Эстафета 2020 жылғы 14 мамыр мен 20 тамыз аралығында өтеді.

Әдеби эстафетаның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Back to top button