Елордада қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді

Елордада қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді

Елордада қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру уақыты бір сағатқа ұзартылды, деп хабарлайды "CTS" компаниясы.  "Бүгіннен бастап астанада автобустардың жүру кестесі өзгерді. Енді қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді. Бұған дейін сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынады", - делінген ресми хабарламада. Қазіргі кезде тек қала ішіндегі автобустар ғана қатынап жүр. Екінші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығатын болады. Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Соның ішінде бетперде мен қолғап кию, антисептикті қолдану бар. Осы шараларды жолаушылар да сақтау қажет. "Жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатты. Жол жүру үшін көлік карталарын және жолақы төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар: SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин енгізілгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі 98 процент болған", - дейді компания мамандары. Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктелді.  Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды. 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылған болатын. 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады. Ал бір сағаттың ішінде тегін ауысып отыру жеңілдігін алып тастады. Оны алу үшін арнайы тарифтерді сатып алу қажет.