Жаңалықтар

Пандемия жаһандық экономикаға қанша шығын әкеледі – сарапшылар болжамы

ашық дереккөзі

Пандемия жаһандық экономикаға қанша шығын әкеледі – сарапшылар болжамы

Коронавирус пандемиясы салдарынан жаһандық қаржы жүйесі  8,8 трлн доллар жоғалтуы мүмкін. Азия даму банкінің мамандары осындай болжам жасады.  Мамандардың айтуынша, егер шектеу шаралары жарты жылға созылатын болса шығын 8,8 трлн АҚШ долларын құрамақ. Ал  экономика үш айдың ішінде қалпына келмесе,  5,8 трлн доллар жоғалтады.  Бұған дейін банк сарапшылары әлем экономикасы 2-4,1 трлн доллар аралығында зардап шегуі мүмкін деген болжам жасаған. Азия даму банкі мамандарының пікірінше, коронавирус салдарынан енгізілген қатаң шектеулер ең әуелі ішкі сұранысы бірден төмендеген елдердің экономикасына соққы болады. Сондай-ақ, экономикасы ашық мемлекеттер және туризмге иек артқан елдер көбірек зардап шегеді. Экономистер экономикалық шығынды азайту үшін пандемия тәртібіне бағынуды - тестілеу, оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.