Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Back to top button