"Күзге дайын болыңдар!": ДДСҰ Еуропа елдеріне ескерту жасады

"Күзге дайын болыңдар!": ДДСҰ Еуропа елдеріне ескерту жасады

"Күзге дайын болыңдар!": ДДСҰ Еуропа елдеріне ескерту жасады
ашық дереккөзі
Күзде Еуропа елдері коронавирустың екінші толқынына немесе басқа жұқпалы ауруға дайын болуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюро директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп жазады Известия.   Ханс Клюгенің айтуынша, соңғы апталарда коронавирустан болған өлім мен инфекция жұқтыру саны азайғанымен, мемлекеттер карантин шараларын тоқтатар кезде эпидемиологиялық ахуалды мұқият бақылауы тиіс. "Мені екінші толқын қатты алаңдатады. Күзде COVID-19-дың екінші толқыны және маусымдық тұмаудың немесе қызылшаның тағы бір толқыны болуы мүмкін", – деді бюро басшысы. Еске сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі де коронавирустың екінші толқыны күзде келетінін болжаған болатын. Эпидемия басталғалы елімізде 5571 адам коронавирус жұқтырды. 2531 адам індеттен айықса, 32 науқас көз жұмды. Ал әлемде 4,4 миллионнан аса адамнан қатерлі вирус анықталды.