Ресейде коронавирус құрбандарының саны 2300-ден асты

Өткен тәулікте Мәскеуде коронавирус пен қосымша аурулары бар 68 науқас қайтыс болды.

Осылайша Ресей астанасында індеттен көз жұмғандар саны 1358 адамға жетті. Бұл туралы коронавирус инфекциясын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штаб хабарлады, деп жазады ТАСС.

Штаб ЖРВИ-дың кез-келген белгілері байқалған жағдайда үйде болу керектігін, өздігінен емделмей дәрігерді шақыру қажет екенін айтты. 14 мамырда Мәскеуде коронавирус жұқтырғандардың саны 130 716 адамға жетті.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4,4 миллионнан асты.  Індетке шалдыққандардың 302 мыңнан астамы көз жұмған.

Ал Ресейде эпидемия басталғалы 252 245 адам COVID-2019 індетін жұқтырған, науқастардың 2305-і қайтыс болды. 

 

Back to top button