"Бұдан АҚШ-тың ұтары көп": Трамп Қытаймен байланысты біржола үзгісі келетінін мәлімдеді

"Бұдан АҚШ-тың ұтары көп": Трамп Қытаймен байланысты біржола үзгісі келетінін мәлімдеді

"Бұдан АҚШ-тың ұтары көп": Трамп Қытаймен байланысты біржола үзгісі келетінін мәлімдеді
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды коронавирус туралы ақпаратты жасырды деп тағы да айыптады. Ақ үй басшысы Вашингтон бұл үшін Пекинді қалай жазалай алады деген тақырыпта ой бөлісті. Трамп ұсынған нұсқалардың бірі – Қытаймен қарым-қатынасты біржола үзу. – Біз көп нәрсе жасай алар едік. Қытаймен байланысты толық тоқтатуға болады, – деді Ақ үй басшысы Fox News телеарнасына берген сұхбатында. Трамптың айтуынша, бұдан АҚШ-тың ұтары көп болмақ. АҚШ көшбасшысының есебіне сүйенсек, Қытаймен қарым-қатынас үзілсе, Вашингтон 500 млрд доллар үнемдей алады. Сондай-ақ, Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен ара-қатынасы жақсы екенін, алайда қазір оған телефон соққысы келмейтінін айтты. Бұған дейін АҚШ президенті коронавирус пандемиясы үшін жауапкершіліктің бір бөлігі Қытайдың мойнында екенін мәлімдеген. Өйткені ҚХР індетті ушықпай тұрған кезінде ауыздықтай алмады дейді Трамп. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1 390 764 адамға жетті. Науқастардың 84 мыңнан астамы көз жұмды. Індеттің таралу қарқыны бәсеңдемегіндіктен Вашингтонда карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды.